Меню KDT
МЕНЮ
logo.pub

Блог директора


 

Мектеп формасы

Опрос

Устраивает ли Вас сайт школы?

Голосовать

Погода

Статистика

  • За месяц 438
  • За неделю 121
  • Вчера 18
  • Сегодня 3
  • Онлайн 2
Document

С заботой о детях

МО казахского языка и литературы



































Бота Серпенқызы

Қазақ тілі және әдебиет мұғалімі

Ашық сабақ

Тақырыбы: Отбасындағы әже туралы сыр.

Р. Тұрлыхановтың «Асыл әже» әнін тыңдау.

Мақсаты: а) қазақ тілінде мәтінмен жұмыс жасай отырып, оқушылардың сөздік қорын молайту, дамыту. Жаңа сөздерді меңгеріп, олармен сөйлем құрастыра білу. Тақырып бойынша өз ойларын жеткізе білу.

ә) тақырыпты жан-жақты  құрастыру үшін оқушыларға бағыт- бағдар беру. Оқушылардың айтқан ойларын бір - біріне тыңдата білу.

б) отбасындағы тәрбиелікке, жауапкершілікке баулу.


Жаңа сөздер: сырласайық-поговорим по душам

келіңіз-давайте ка

ығыр етеді-надоедают

тәбетің шаппай тұрғанда-когда нет аппетита

араласады-вмешивается

мінеу-придираться

дөрекілік-грубость

шыдау-терпеть

мұраты-желание, цель

үміт-надежда

қауып-шить

жүн түту-теребить мерить

күйбеңдеу-суетиться

біз-шило

құрал-орудие

сырмақ-вышитая кошма

сыру-стегать

құрақ-материя, сшитая из разных лоскутов

                              Сөз тіркестерін құрау: әдемі әже, сүйкімді әже, қадірлі әже, егде әже, шебер әже.

а) мәтінді оқу, талқылау

ә) тақтамен жұмыс: Әже сенің жақын және туған адамың. Оған қамқор болу керек, күту керек. Өйткені сенің әжеңнің көп өмірі қалған жоқ. Оның өз өмірі артта қалды, енді оның мұраты, қуанышы үміті сен ғана.

б) мәтіннен тәуелдік жалғауда тұрған сөздерді, етістіктің бұйрық райында тұрған сөздерді, салалас құрмалас сөйлемдерді табу.

Келіңіз – бұйрық рай ІІ жақ жекеше

Сырласайық -бұйрық рай І жақ көпше

Үйреткіш – етістіктен туынды сын есім

Тәуелдік жалғауда тұрған сөздер:

Әжелеріміз – І жақ көпше

Дөрекілігің – ІІ жақ жекеше

Сенің жақын және туған адамың – ІІ жақ жекеше

Сенің әжеңнің – ІІ жақ жекеше

Оның өз өмірі – ІІІ жақ жекеше

Жастың ерекшелігі – ІІІ жақ жекеше

Олардың жас ерекшелігі – ІІІ жақ көпше

 

 

а) Кейде өзіңнің оған жасаған дөрекілігің үшін ұяласың – кезектес салалас құрмалас сөйлем.

б) Әжелерді сыйлау керек, алайда шыдау қиын – қарсылықты салалас құрмалас сөйлем.

в) Әжелерге қамқор болу керек, өйткені сенің әжеңнің көп өмірі қалған жоқ – себеп салдар салалас құрмалас сөйлем.

в) салалас құрмалас сөйлем түрлеріне «әже» сөзіне сөйлемдер құрау.

1) ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем- Қазақ отбасында әжені сыйлауға үлкен мән беріледі де, немере әжесін сыйлап өседі.

2) қарсылықты салалас құрмалас сөйлем – Әжесі батырлар туралы дастан айтқысы келіп еді, брақ немересі ұйықтап қалды.

3) Талғаулы салалас құрмалас сөйлем. Жәрмеңкеге әжем не сүзбе не сары май апарады.

4) Себеп салдар салалас құрмалас сөйлем. Мен әжемді өте жақсы көремін, өйткені ол менің жанашыр жақын адамым.

5) Кезектес салалас құрмалас сөйлем. Менің әжем бірде киіз басады, бір кілем басады.

6) Түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлем. Әжемнің ауырғаны сонша, біздер қатты қорықтық.

 

Диалог. 59 бет

      –  Әжең сенің кімің болады?

–        .... Әжем менің жақын және туған адамым.

–        Әжелерге құрмет көрсету қажет пе?

–        Әрине, әжелерге қамқор болу керек, күту керек. Өйткені әжелердің көп өмірі қалған жоқ.

–        Қарт адамдар ешнәрсені жақтырмайды, өткенді аңсайды, ақыл үйреткіш, ашуланшақ.

–        Жас ерекшелігіне қарай адам мінезі өзгереді дегенді қалай түсінесің?

–        Жас ерекшелігіне қарай адам мінезі көп өзгереді, олар кқр нәрсені жақтырмайды, адамдардың көзінше мінеп жатады.

–        Өз әжең туралы айт.

  1. Ата мен әже – отбасының ең құрметті адамдары. Олар әрқашан да мәртебесі биік болып, сый құрметке бөленген. Өтйкені үлкенді сыйлау оның ақылын тыңдау – қазақ халқының ең қымбат салты.
  2. Аталар мен әжелер немерелеріне ертегі, қызық аңыз әңгімелер, әр түрлі жырлар айтып береді. Ата мен әже отбасының ең бірінші ақылшысы деп есептеледі.
  3. Менің әжем өте сабырлы, дана адам. Ол көп жылдар мұғалім болып жұмыс істеген. Ол өз отбасын, шәкірттерін мақтан тұтады.
  4. Менің әжем 75 жаста. Әжеме 70 жасында үлкен той жасадық. Әжем өсірген ұл–қыздар бүгінде жоғары лауазымды қызметтерді атқарады. Мен әжемді өте жақсы көремін.
  5. Менің әжем өте сүйкімді, сұлу, келбетті, сабырлы, ақылды кісі. Ол өз өмірінде 40 жылдай дәрігер болып жұмыс істеді. Ол көп адамдарға пайда тигізді.

Диалог. Сөйлемдер құрау: (Туынды сын есімдерін қатыстырып)

– Ата –аналар, ата – әжелер қандай балаларды жақсы көреді.

–        Әжелер еңбекқор, өнерлі, тәртіпті

–        Сен әжеңе көмектесесіңбе?

–        Ия, мен әжеме көмектесемін, адамға адам пайдалы болу керек.

–        Сенің әжең қандай адам?

–        Менің әжем тілі өткір, білгір кісі; тағы да әжем мен ақшасыз болғанда әжем маған ақша береді.

Мақалдар

Өлгенше – өмірден өткенше, көз жұмғанша, дүние салғанша, бақилық болғанша.

Қартайғанша – кәрі болғанша, зейнетке шыққанға дейін.

Жан – өмір

Қаза – өлім

Бейнет – жұмыс, азап, еңбек , қиын жұмыс, шаруа, іс.

Қадірін – қасиетін, бағасын.

Жағдаяттар беріледі – сөйлеу түрінде немесе іс – әрекетпен көрсету.

(Әжесімен ұрсысып тұрған бала туралы жағдаят)

  1.  Әженің өнерін тамашалау.

а) қол өнерін, құралдарын көру (ине, жіп, біз, ұршық, ою, қайшы, сырмақ, құрақ көрпе).

  1.   Әжені құрметтеу. Бекіту. Әжені құрметтеу өлеңі. Өлеңді талдау.

Менің әжем.

«Жақсы бәрін білген» – деп, –

Қарап ал да үйрен деп, –

Көрпе қауып, жүн түтіп,

Жүреді әжем күйбеңдеп.

Ине, жіп, біз құралы,

Сәндеп сырмақ сырады.

Түрлі түсті құрағы

Гүлдей жайнап тұрады...                                      (Ф. Оңғарсынова)

Ф. Оңғарсынова кім? Ол туралы мәліметтер. Оның суреті.

  1.   Әженің бата беруі.

Бақыт берсін басыңа

Берке берсін асыңа

Айтқаның әділ болсын

Дәулетің арылмасын

Пейілің тарылмасын

Денің сау болсын

Уәдеңе берік бол

Еліңе керек бол

Оқуда зерек бол

Адамға көмек бол

Жасың ұзақ болсын

Болмасын еш уайым

Бақытты етсін Құдайым.

Бағалау. Р. Тұрлыхановтың «Асыл әже» әнін тыңдау.

КГУ "Средняя школа №13" Управления образования г. Астаны 
13.astana-bilim.kz

Разработчик ТОО "BenchMark Consulting. © Все права защищены. 2015 - 2016 год